Accessibility links

Мексикадағы зілзала құрбандарының саны күрт өсті


Жер сілкінісінен кейін көшеде тұрған адамдар. Мехико, 8 қыркүйек 2017 жыл.
Жер сілкінісінен кейін көшеде тұрған адамдар. Мехико, 8 қыркүйек 2017 жыл.

Мексика билігі елдің Тынық мұхиты жағалауындағы аймағында қыркүйектің 7-і күні болған күшті жер сілкінісі салдарынан кемінде 58 адам қазаға ұшырағаны туралы хабарлады.

АҚШ геология қызметінің мәліметі бойынша, 8,1 магнитудалы жер сілкінісінің эпицентрі Мексиканың оңтүстігіндегі Чьяпас штатындағы Трес-Пикос қаласынан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 120 шақырым қашықтықта, Тынық мұхитында болған. Мексика ішкі істер министрінің сөзінше, жер сілкінісінің магнитудасы 8,4 болған.

Мексика азаматтық қорғаныс агенттігі басшысы Луис Фелипе Пуэнте табиғи апаттан ең қатты зардап шеккен оңтүстіктегі Оахака штатында 45 адамның мерт болғаны туралы ақпаратты растады. Ол Twitter әлеуметтік желісінде жариялаған жазбасында Чьяпас штатында 10 адам және Табаско штатында 3 адам опат болғаны туралы хабарлаған.

Мексика президенті Энрике Пенья-Ньето бұл ел тарихында соңғы жүз жылға жуық уақытың ішіндегі ең алапат жер сілкінісі деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG