Accessibility links

Египетте ежелгі заманғы қабір табылған


Египеттегі Луксор маңындағы патшалар алабы.
Египеттегі Луксор маңындағы патшалар алабы.

Египет археологтары Луксордан үш жарым мың жыл болған қабірді тапты. Онда перғауындардың 18-династиясының билігі тұсында өмір сүрген алтын зергері жерленген. Қабір Ніл өзенінің батыс жағалуындағы ақсүйек, шонжарлар жерленген қорымнан табылған.

Египеттің көне мұралар департаментінің басшысы Халед әл-Анани қабірден алтын зергері мен әйелінің мүсіні, сонымен бірге жерлеу маскасы шыққан. Сонымен бірге ол жерден ежелгі Египетте 21-ші және 22-династиялар заманы кезінде өмір сүрген бірнеше адамның мумиялары табылған.

XS
SM
MD
LG