Accessibility links

Астанадағы кездесуде Қанат Ислам Брэндон Кукты жеңді


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам жекпе-жек кезінде. (Сурет Қанат Ислам командасының баспасөз қызметінен алынды.)
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам жекпе-жек кезінде. (Сурет Қанат Ислам командасының баспасөз қызметінен алынды.)

Қыркүйектің 9-ы күні кешке Астанадағы "Сарыарқа" спорт кешенінде кәсіпқой бокстан өткен жекпе-жекте қазақстандық Қанат Ислам канадалық Брэндон Кукті айқын басымдылықпен жеңді.

Бәсекелесінің дәл соққыларынан үшінші, бесінші және сегізінші раундтарда нокдаун алған канадалық боксшы тоғызыншы раунд басталысымен тағы да бастырмалата ұрған Исламның жұдырығынан теңселіп кеткеннен кейін төреші 12 раундтық жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтатты.

Осылайша 32 жастағы Қанат Ислам кәсіпқой бокстан бірінші орта салмақтағы WBA Inter-Continental және WBO NABO нұсқасының чемпиондық атақтарын қорғап қалды. Қазақстандық боксшы осымен 25-кездесуінде жеңіске жетті, соның ішінде ол 20 жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған.

Бұған дейін өз елінде 18 кездесу өткізіп, барлығында жеңімпаз атанған (11 нокаут) 31 жастағы Брэндон Кук кәсіпқой рингте алғаш рет жеңіліске ұшырады.

XS
SM
MD
LG