Сенбі күні Лондонда шеруге шыққан ондаған мың адам қыркүйектің 11-і күні британ парламентінің қауымдар палатасы дауысқа салуды жоспарлап отырған заң жобасына қарсылықтарын білдірді. Парламент мүшелері дүйсенбіде Ұлыбританияның Еуропа Одағы құрамынан шығу туралы заң жобасын қарамақшы.
"Еуроодаққа қолдау білдіруші халық шеруі" деп аталған бұл шара елдің Еуроодақ құрамынан шығуына қарсы өткізілген акциялардың бірі болды.
Сенбі күнгі шеруді ұйымдастырушылар қарсылық шарасына 50 мың адам қатысты деп мәлімдеген. Шеруге шыққандар "Еуропа Одағын сүйемін", "Брекзит – улы", "Еуроодақты сағындым" деген жазулар ұстап шыққан.