Accessibility links

Ресейде жергілікті органдар сайлауына дауыс беріп жатыр


Сайлау туралы жарнаманың қасынан өтіп бара жатқан адамдар. Краснодар, Ресей. (Көрнекі сурет.)

Ресейде жексенбі күні жергілікті орган мүшелерін сайлауға дауыс беру өтіп жатыр. Сонымен бірге бүгінгі дауыс беру нәтижесінде Ресей федерациясының 16 субъектісінің басшылары сайланбақ.

Мәскеуде 125 ауданда жергілікті совет депутаттары сайлануы тиіс деп хабарлайды ТАСС агенттігі. Дауыс беру күні қарсаңында Мәскеудің Ново-Переделкино аудандық басқармасы жетекшісінің орынбасары Светлана Антонованың жергілікті орган сайлауында өз "жақтастарын" жоспарлы "жеңіске жеткізуді" талқылап отырғаны туралы видео интернетте жарияланды. Онда Антовованың сайлау комиссиясы өкілдеріне "сыйлық" конверттер таратып, өзі телефон шалмайынша сайлаушылардың берген дауысын санамауды айтып отырған сәті бейнеленген.

Ресей орталық сайлау комиссиясы басшысының орынбасары Николай Булаев ТАСС агенттігіне берген сұхбатында, Мәскеу мэрі Сергей Собяниннің кінәлілерді жұмыстан шеттету туралы шешіміне қарамастан, қолданыстағы заң бойынша учаскелік сайлау комиссиясы құрамын жедел босатуға болмайтынын, бірақ, заң комиссияға "басқа төраға" сайлауға мүмкіндік беретінін айтқан. Булаевтің сөзінше, орталық сайлау комиссиясы федералдық және аймақтық заңдарды "өрескел бұзған" учаскелік сайлау комиссияларының төрағаларын жұмыстан шеттетуді қолдайды.

Сенбі күні Мәскеу мэрі Собянин дауға қалған басқарма жетекшілері жұмыстан босатылатыны туралы мәлімдеп, Мәскеу тұрғындарына "әділ сайлау" өтеді деп уәде берген. Ол сайлау заңын бұзу жайлы құжаттар прокуратураға тапсырылады деп хабарлаған.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG