Accessibility links

Журналист Юлия Латынина Ресейден кетіп қалды


Журналист Юлия Латынинаның "Эхо Москвы" радиосы кеңсесінде жұмыс істеп отырған сәті. Мәскеу, 19 ақпан 2014 жыл.
Журналист Юлия Латынинаның "Эхо Москвы" радиосы кеңсесінде жұмыс істеп отырған сәті. Мәскеу, 19 ақпан 2014 жыл.

Ресейлік журналист Юлия Латынина ата-анасымен бірге шетелге кетіп қалған және жуық арада Ресейге қайтып оралмайды. Бұл туралы журналистің өзі "Эхо Москвы" радиосында жүргізетін "Код доступа" бағдарламасы кезінде Skype арқылы хабарлаған. Журналист қай елде екенін ашып айтпаған.

Қыркүйек айының басында белгісіз біреулер көлігін өртеп жібергенін хабарлаған журналист сол оқиғадан соң Ресейден кетуді ұйғарған. Ресейлік "Дождь" телеарнасының хабарлауынша, тергеу барысында Латынинаның көлігіне үш жерінен от қойғаны анықталған. Журналист бұл оқиғаны өз өміріне қастандық жасалуы ықтимал екені жайлы ескерту ретінде қабылдаған.

Бұның алдында, биылғы шілде айында Латынина үйіне әлдекімдердің шабуыл жасағаны туралы айтқан. Ол оқиғадан арасында екі бала мен төрт қарт адам бар сегіз адам зардап шеккен. Белгісіз біреулер үйге улы зат шашып кеткен.

Қыркүйектің 4-і күні Ресей журналистер одағы Юлия Латынинаға қарсы жасалған шабуылды шұғыл тергеу жүргізу қажеттігін айтып бас прокуратура мен тергеу комитетіне өтініш беретіні туралы мәлімдеген. Журналистер одағы әлгі оқиғаларды журналистің өміріне қауіп төндіру деп санайды.

XS
SM
MD
LG