Accessibility links

Вашингтон: АҚШ пен Ресей дипломаттары кездеседі


АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Томас Шэннон.
АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Томас Шэннон.

АҚШ мемлекеттік департаменті келесі Хельсинкиде АҚШ пен Ресейдің жоғары лауазымды дипломаттары екі елдің қарым-қатынасындағы түйткілдерді жазуға бағытталған кездесуі өтетіні туралы хабарлады.

Бұған дейін биыл АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Томас Шэннон мен Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябковтың екі кездесуі нәтижесіз аяқталған болатын. Бұл жолы тараптар тактикалық мәселелерге қоса ғаламдық проблемаларды, мәселен, қару-жараққа бақылауды талқыламақ.

Екі тарап гуманитарлық-дипломатиялық тұрғыдағы проблемалардың Сириядағы соғыс немесе Украинадағы жанжал бойынша стратегиялық диалог құруға бөгет екендігімен келіседі. Вашингтон ондай проблемалар қатарында Ресейдегі америкалық дипломатиялық қызметкерлер тап болған кедергілерді, Санкт-Петербургт қаласындағы АҚШ консулдығы құрылысының тоқтап қалуын, ресейлік жетім балаларды америкалық азаматтардың асырап алуына тыйымды келтіреді.

Мәскеу болса Қырымды қосып алуына жауап ретінде енгізілген санкциялар, АҚШ-тың Мэриленд және Нью-Йорк штаттарындағы Ресей иелігіндегі нысандардың жабылуына шағым айтады.

XS
SM
MD
LG