Accessibility links

Киев БҰҰ-ға Донбаста бітімгерлерді орналастыру жоспарын ұсынды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Украина БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне Донбаста халықаралық бітімгерлерді орналастыру туралы өзі әзірлеген қарар жобасын ұсынды.

Украина президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Константин Елисеевке сілтеме жасап УНИАН сайтының хабарлауынша, Киев БҰҰ Қауіпсіздігі кеңесіне 2016 жылы дайындап, өткізген құжаттың жаңартылған нұсқасын жақында БҰҰ-на ұсынған. Елисеевтің айтуынша, былтыр Ресей ол құжатқа қарсылығын білдірген.

Ресей қыркүйектің 5-інде, президент Владимир Путиннің кеңесінен соң, БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне Украинадағы ЕҚЫҰ бақылау миссиясының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Донбастағы жанжал аймағында тараптар арасындағы шектеу сызығы бойына бітімгерлерді орналастыру туралы ұсыныс жолдаған.

Киев ресейлік жоспарға бірден қарсылық білдірген. Қыркүйектің 7-і күні Украина президенті Петр Порошенко БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы Донбастың бүкіл территориясында әреке етуі тиіс, оның құрамында ресейліктер болмауы тиіс, аталған жоспарды сепаратистермен келісу туралы сөз қозғаудың өзі орынсыз, және бұл Ресейге қарсы санкцияларды жою немесе жұмсарту дегенді білдірмеуі керек деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG