Accessibility links

Михаил Саакашвили Украина территориясына өтті


Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили Польшадан Украина шекарасына өткен соң жақтастарының ортасында тұр. Львов, Украина, 10 қыркүйек 2017 жыл.
Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили Польшадан Украина шекарасына өткен соң жақтастарының ортасында тұр. Львов, Украина, 10 қыркүйек 2017 жыл.

10 қыркүйекте Украина азаматтығынан айырылған Одесса облысының бұрынғы басшысы, Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили Польша мен Украина арасындағы шекараны кесіп өтті. Украина билігі оны мемлекеттік шекарадан өту тәртібін бұзды деп айыптады.

Украинаның мемлекеттік шекара қызметі "Шегини" өткізу бекетінде агрессиялы топ Ұлттық полиция өкілдерімен төбелесіп мемлекеттік шекарадан өту тәртібін бұзды. Оның ішінде халық депутаттары болды" деп мәлімдеме жасады.

Украинаның бас прокуроры Юрий Луценко "шекарадан өту тәртібін бұзған" Михаил Саакашвили бастаған топтың қылмыстық жауапқа тартылатынын ескертті.

Саакашвили екі рет өзінің жоспарын өзгертіп, Польша-Украина шекарасын кесіп өтіп, "Шегини" (Львов облысы) өткізу бекетіне келді. Бұл жерде Саакашвили келерден бірнеше минут бұрын, шекарашылар өткізу бекетінің жабылатынын мәлімдеді. Екі жақты да арнайы қызметтің әскері қоршап тұрды. Бірақ Саакашвили халықтың және Жоғарғы Рада депутаттарының қолдауымен қоршауды бұзып, Украина аумағына өтті.

Саакашвили Украина президентінің жарлығымен украин азаматтығынан айырылған. Енді оған бұл елге кіру үшін арнайы виза қажет болған.

XS
SM
MD
LG