Accessibility links

Ресейде сайлауда дауыс бергендер саны өте аз болды


Сайлау туралы жарнаманың қасынан өтіп бара жатқан адамдар. Краснодар, Ресей. (Көрнекі сурет.)
Сайлау туралы жарнаманың қасынан өтіп бара жатқан адамдар. Краснодар, Ресей. (Көрнекі сурет.)

Ресей Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) 10 қыркүйекте өткен 82 аймақтың жергілікті орган мүшелерін сайлауында дауыс бергендер саны өте аз болғанын мәлмдеді. Сайлауға дауыс беру құқығы бар азаматтардың тек 29 пайызы қатысқан.

Ресей ішкі істер министрлігі сайлаудың "тыныш өткенін" мәлімдеді. Бақылаушылар сайлау учаскелерінде "бюллетендерді уыстап жәшікке салған, сайлаушыларды ақшамен және ішімдікпен сатып алған жағдайлардың кездескенін" хабарлады.

ОСК болса, сайлау қорытындысына әсер ететіндей заң бұзушылықтар болмағанын хабарлады.

Әдеттегідей дауыс беру белсенділігінің жоғарғы көрсеткіші абақтылар мен психиатриалық ауруханаларда тіркелген. Бұл жөнінде "Открытая Россия" ұйымы хабарлайды.

Премьер-министр Дмитрий Медведев сайлау жоғарғы деңгейде өткенін, барлық аймақтарда сайлаушылар белсенділік танытқанын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG