Accessibility links

Душанбе: Халимовтың туыстарына қатысты тергеу аяқталды


Гулмурод Халимов, Тәжікстан ішкі істер министрлігі арнайы жасағының бұрынғы командирі.
Гулмурод Халимов, Тәжікстан ішкі істер министрлігі арнайы жасағының бұрынғы командирі.

Тәжікстан бас прокуратурасы елдің шкі істер министрлігі арнайы жасағының экс-командирі, "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымына қосылған Гулмурод Халимовтың үш туысына қатысты тергеу ісі аяқталғанын мәлімдеді. Олар шекараны заңсыз кесіп өтпек болды, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қарсылық білдірді деп айыпталып отыр.

Қашқын полковниктің бауырлары Комил және Назир Халимов, әрі оның немере інісі Әли Халимов 5 шілдеге қараған түні ұсталған. Олармен бірге болған тағы төрт адам арнайы операция барысында қаза тапқан.

Тәжікстан арнайы қызметінің ақпараты бойынша, Гулмурод Халимовтың туыстары тәжік-ауған шекарасын кесіп өтіп, ИМ тобына қосылмақ болған. Сонымен бірге Наим Рахмоновтың Гулмурод Халимовпен үнемі байланыста болғаны айтылады.

Тәжікстан арнайы қызметі қашқын полковниктің бауыры Назирмен де байланыста болғанын анықтаған. Гулмурод Халимов оған отбасын Ауғанстанға көшіруді тапсырғаны анықталған.

8 қыркүйекте Ресей қорғаныс министрлігі Гулмурод Халимовтың Сирияның Дейр әл-Зор қаласында ресейлік әуе күштерінің әуеден жасаған соққысынан көзі жойылғанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG