Accessibility links

Мексикада зілзала құрбандары саны 90 адамға жетті


Зілзаладан соң далада түнеп отырған мексикалықтар. Мехико, 7 қыркүйек 2017 жыл.
Зілзаладан соң далада түнеп отырған мексикалықтар. Мехико, 7 қыркүйек 2017 жыл.

Мексика ішкі істер министрлігі елдің оңтүстік аймақтарында болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 90 адамға жеткенін хабарлады.

Министрліктің 10 қыркүйекте таратқан мәлімдемесінде Оахак штатында 71 адам, Чьяпас штатында 15 адам, Табаско штатында төрт адам қаза тапқаны айтылады.

7 қыркүйекте Чьяпас штатының жағалауында Тынық мұхитында қуаты 8,2 магнитуданы құрайтын жер сілкінген.

Қыркүйектің 10-ы күнгі мәлімет бойынша, зілзала болған аймақтарда зілзаладан кейінгі афтершоктардан ғимараттар құлауунан қауіптеніп, көп адам далада түнеп жүр.

АҚШ Геологиялық қызметі зілзаладан соң қуаты 4,5 магнитудаға жететін немесе одан да асатын 60-қа жуық афтершок тіркелгенін хабарлады.

XS
SM
MD
LG