Accessibility links

Ресей араб елдерін Катармен жанжалын шешуге шақырды


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі Адель әл-Джубейрмен кездесіп отыр. Жидда, Сауд Арабиясы, 10 қыркүйек 2017 жыл.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі Адель әл-Джубейрмен кездесіп отыр. Жидда, Сауд Арабиясы, 10 қыркүйек 2017 жыл.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Сауд Арабиясы бастаған араб елдері коалициясын Катармен дипломатиялық жанжалды реттеу үшін келіссөз жүргізуге шақырды. Лавров 10 қыркүйекте Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі Адель әл-Джубейрмен кездесуінде оған "Біз туындаған кикілжіңді келіссөз арқылы реттеу ұстанымымызды тағы да білдіреміз" деді.

Ресей сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Лавров Кувейттің бұл жанжалды реттеуде арағайын болуы болу әрекетін құптаған.

Сауд Арабиясы, Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері мен Египет Доханы аймақтағы терроризмді қаржыландырды және Иранмен тығыз байланыс орнатты деп айыптап, Катармен дипломатиялық байланыстарын үзген.

Катар айыптауды теріске шығарып, Сауд Арабиясы бастаған коалиция қрйған 13 талабын қабылдамай тастаған.

XS
SM
MD
LG