Accessibility links

Астанада дүйсенбіде мектептерде сабақ тоқтатылды


Астанадағы оқушылар (Көрнекі сурет).
Астанадағы оқушылар (Көрнекі сурет).

Астанада дүйсенбіде мектептерде сабақ бір күнге тоқтатылды деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Қалалық білім басқармасының ақпаратына қарағанда, сабақ оқушылар мен мұғалімдердің қалада өткізіліп жатқан "Денсаулық күніне" байланысты шараларға қатысуына байланысты тоқтатылған.

Басқарма ақпаратына қарағанда, "Денсаулық күні" 2017-2018 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жоспарына сай өткізіліп отыр. Басқарма ауа-райының қолайсыздығына байланысты бастауыш сынып оқушыларының "Денсаулық күнін" атап өтуі сенбіге ауыстырылғанын, ал жоғары сыныптар бүгін атап өтіп жатқанын айтады.

"Оқушылардың спорт секцияларына қатысуына, спортта және өмірде қажетті икем мен дағды қалыптастыруға қызығушылығын арттыру жоспарланған" делінген білім басқармасының хабарламасында.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, өткен сенбі және жексенбі күндері Астанада ата-аналарға мектеп басшылығы мен мұғалімдерден әлеуметтік желілері арқылы "ЭКСПО-2017" халықаралық көремесінің жабылуына, Ислам ынтымақтастық ұйымының саммитіне байланысты 11 қыркүйекте сабақ болмайтыны" туралы ескерту хабарламалары жіберілген.

XS
SM
MD
LG