Accessibility links

Досаев: Латын әліпбиіне барлық сала көшеді


Қазақстан парламентінің отырысы (Көрнекі сурет).
Қазақстан парламентінің отырысы (Көрнекі сурет).

Қазақстан үкіметі латын графикасы негізіндегі қазақ тілінің жаңа әліпбиі бекітілген соң іс-қимыл жоспарына дайындауға кіріседі деп мәлімдеді премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаев Астанада парламентте латын графикасына көшу мәселесі бойынша өткен тыңдауда.

Досаевтың сөзінше, латын графикасы бекітілсе жаңа әліпбиге барлық сала, оның ішінде домендік атаулар мен құжаттар көшеді.

Бүгін бұдан бұрын парламентте латын графикасы негізіндегі 25 әріптен тұратын қазақ әліпбиінің жобасы мен электрондық мәтіндерді бір жазудан басқа жазуға конвертациялауға арналған қосымша таныстырылған.

"Процес өте өзекті, ол Қазақстанның барлық азаматына қатысты. Жеке басын куәландыратын құжаттар біртіндеп ауыстырылады. Мысалы, қазіргі ұстап жүрген құжатымыз мерзімі аяқталғанша жарамды болады, содан кейін ғана ауыстырылады" деді Досаев.

Оның сөзінше, үкімет қазақ тілінің жаңа әліпбиі бекітілсе оны қолданысқа енгізудің кезең-кезеңнен тұратын жоспарын дайындамақ. Вице-премьердің айтуына қарағанда, мұғалімдер мен халықты дайындау, оқу-әдістемелік материалдар даярлау, жаңа әліпбиді үйрететін арнайы мобильдік қосымша жасау жұмыстары жүргізілмек.

AzattyqLIVE хабары: Бір елде екі әліпбидің болуы дұрыс па? (22.08.2017)

Бір елде екі әліпбидің болуы дұрыс па?
please wait

No media source currently available

0:00 0:36:33 0:00

XS
SM
MD
LG