Accessibility links

Қырым татарларының белсендісі 8 жылға сотталды


Ахтем Чийгоз, Ресейде тыйым салынған Қырым татарлары меджлисі төрағасының орынбасары.
Ахтем Чийгоз, Ресейде тыйым салынған Қырым татарлары меджлисі төрағасының орынбасары.

Қырым Жоғарғы соты Қарам татарлары меджлисі төрағасының орынбасары Ахтем Чийгозды 2014 жылы 26 ақпанда тәртіпсіздік ұйымдастырды деп айыптап, сегіз жылға соттады. Бұл туралы Азаттықтың Қырым редакциясы хабарлады. Прокурор Чийгозды жалпы режимдегі колонияға сегіз жылға жабуды сұраған. Чийгоз екі жарым жылдан бері абақтыда отыр. Оның ісі бойынша 154 сот отырысы болды.

2014 жылы 26 ақпанда Симферопольдің заң шығарушы органында Еуромайданды жақтаушылар мен оған қарсылар арасында қақтығыс болып, екі адам қаза тапқан, ондаған адам жараланған. Чийгоз жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деп айыпталған. Тергеу болжамынша, қақтығысты Чийгоз ұйымдастырған. Екі адам қақтығысқа қатысты деп айыпталып, шартты жаза кесілген. Тағы бес адамның соты әлі аяқталған жоқ.

52 жастағы Чийгоз өзне тағылған айыпты жоққа шығарады. "Мемориал" құқық қорғау орталығы оны саяси тұтқын деп атайды. Биыл шілденің басында Қырымда Чийгоздың анасы қайтыс болған. Ол қайтыс болмай тұрып аннексияланған Қырым билігі Ахтем Чийгозға ауыр науқасқа ұшыраған анасымен жолығуына рұқсат берген.

Қырым татарларының меджлисі Ресейде экстремистік ұйым деп танылып, қызметіне тыйым салынған. Оның төрағасы Рефат Чубаров пен бұрынғы басшысы Мұстафа Жемилевтің Ресейге кіруіне тыйым салынған.

XS
SM
MD
LG