Accessibility links

Шахандағы жарылыс бойынша шахтерге шартты жаза кесілді


Сотталушы Мұрат Сүлейменов. Шахтинск, 29 тамыз 2017 жыл.

Қарағанды облысының Шахтинск қалалық сотында бүгін Шахан кентіндегі көп қабатты үйде "жылу қазандығының жарылуына" қатысты істе үкім жарияланды. Сот 59 жастағы шахтер Мұрат Сүлейменовті төрт жрым жыл шартты мерзімге соттады. Прокурор бұған дейін оған бес жылға шартты жаза кесуді сұраған. Сүлейменов жарылыс болатын кезде тұрғын үй комитеті басшысы қызметін атқарған және үш жыл бұрын көп қабатты үй тұрғындарына жылу қазандығын ауыстыруға көмектескен. Тергеу болжамынша, қазандық 2017 жылы қаңтарда жарылған. Ол жарылыстан тоғыз адам қаза тапқан.

- Біз әзірге ары қарай не істерімізді білмейміз. Үікм енді ғана шықты, оныңмен мұқият танысуымыз керек, деді Сүлейменовтің адвокаты |Елеубек Қапатаев.

Шахтинск қалалық сотыың Азаттыққа хабарлауынша Мұрат Сүлейменов қылмыстық кодекстің Қылмыстық кодекстің 306-бабы 3-бөлімі ("Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмысты орындау немесе қызмет көрсету") бойынша айыпты деп танылған. Оған тағылған "Сақтық жасамағандықтан ажалға себепкер болу" айыбы алынып тасталған.

Тергеу болжамына қарағанда, жылу қазандығының қызып кетуі салдарынан жарылыс болып, қазандықтың қақпағын жұлып түсірген. Прокурор Айбек Ахметовтің сөзінше, құрбандардың денелерінің көп жері сынған, жаншылып, жараларының айналасы жырымдалып кеткен және күйік жаралары болған. Мұның барлығы бұлар жылу қазандығы жарылғанын айғақтайды.

Сотталушы өзін кінәсіз санап, өзін ақтауды сұраған. Ол қайғылы оқиға болған күні көп қабатты үйде "жылу қазандығы емес, газ баллоны жарылған" деген болжам айтқан.

"Өрт болды. Оны дәлелдей аламын. Бұған қоса заттай айғақтар мен куәгерлер бар. Соттан оқиға орнына барып, әкетілген заттай айғақтарды қарап шығуды тағы да сұраймын" деген сотталушы Мұрат Сүлейменов. Бірақ судья оларды іс материалына заттай айғақ ретінде қосудан бас тартқан.

Адвокат пен оның Сүлейменовті қорғайтын көмекшісі сараптама қорытындысын "қолдан жасалған" деп біледі. Қорғаушылар "іс бойынша барлық сараптама қылмыстық істі аңызға айналдыру үшін сәтсіз түрде қиюластырылғанын" айтады. Сүлейменов бас прокуратураға "заттай айғақтарды жойып жібергеніне байланысты" шағымданған.

Оқи отырыңыз: Шахандағы жұрт қорқынышпен өмір сүріп жатыр

Бірнеше күн бұрын Шахтинск қаласында Шахандағы жылу қазандығының жарылуына қатысты іс бойынша бес шенеунік сотталған. Сот барысында олар прокурормен кінәсін мойындайтыны туралы процессуалдық келісім жасасқан. Бұл іс бойынша Шахан кенті әкімі Мұрат Жақыпов, оның коммуналдық мәселелер жөніндегі орынбасары Әкетай Нәжмиден, коммуналдық мәселелер жөніндегі бас маман Мәрия Жұмабекова, Шахтинск қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы, автожолдар және тұрғын үй инспекциясы бөлімі бастығының міндетін атқарушы Алмас Омарханов және Шахтинск қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің тұрғын үй секторы бас маманы Нұржан Маханбетов сотталған. Олар "ауыр зардаптарға соқтырған қызметтік әрекетсіздік" жасады деп айыпталған.

Видео: Шаханға көмек (04.01.2017)

  • 16x9 Image

    Елена ВЕБЕР

    Елена Вебер - шығармашылық псевдоним. Елена - 2010 жылдан бері Азаттықтың Қарағанды облысы бойынша тілшісі. Теміртау қаласында тұрады. ҚарҰУ-дің филология факультетін бітірген.

XS
SM
MD
LG