Accessibility links

Ақмола облысы: Жол апатынан тәжік азаматтары зардап шекті


Ақмола облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).
Ақмола облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).

Ақмола болысында жол апатынан микроавтобус пен оның жолаушылары зардап шекті деп хабарлады ҚазАқпарат.

Облыстық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, жол апаты 11 қыркүйекте Астана - Петропавл жолының 14-километрінде болған. Mercedes Sprinter микроавтобусында 17 адам, оның ішінде Тәжікстан азаматтары болған. Полиция мәліметінше, микроавтобус Ресейден Тәжікстанға кетіп бара жатақан. 17 адамның қаншауы тәжік азаматы екені айтылмайды.

Алдын ала болжам бойынша, микроавтобус жолдан бұрылып жатқан КамАЗ жүк көлігімен соқтығысқан. КамАз көлігінің рөлінде Көкшетау қаласының 1969 жылы туған тұрғыны болған. "Көлік құралын басқару және жол ережелерін бұзу" бабы бойынша тергеу басталған.

XS
SM
MD
LG