Accessibility links

Әзербайжанда ресейлік блогерге рақымшылық жасалды


Блогер Александр Лапшиннің (ортада) Беларусьтен Әзербайжанға экстрадицияланған сәті. Баку, 7 ақпан 2017 жыл.
Блогер Александр Лапшиннің (ортада) Беларусьтен Әзербайжанға экстрадицияланған сәті. Баку, 7 ақпан 2017 жыл.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев ресейлік блогер, биыл шілдеде Таулы Қарабаққа барғаны үш жылға сотталға Александр Лапшинге рақымшылық жасады. Рақымшылық жасалғаны туралы жарлық 11 қыркүйекте президент сайтында жарияланды және қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

Ресей мен Израиль азаматы Александр 2016 жылы желтоқсанда Бакудің сұрауымен Минскіде ұсталып, Әзербайжанға экстрадицияланған. Лапшинді Әзербайжанға беруге Ресей, Израиль және Армения биліктері қарсы болған.

Шілденің соңында Бакудің ауыр қымыс жөніндегі соты Лапшинді "мемлекеттік шекараны бұзды" және "жария түрде мемлекетке қарсы үндеу жасады" деп айыптап, үш жылға соттаған. Блогер өзіне тағылған айыпты мойындамаған. Дегенмен ол үкімге шағымданбайтынын және өзін Израильге экстрадициялауға күш салатыныны мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG