Accessibility links

Трамп 11 қыркүйек құрбандарын еске алуға қатысады


Нью-Йоркте 11 қыркүйек құрбандарын еске алу қарсаңындағы түнгі көрініс. АҚШ, 10 қыркүйек 2017 жыл.
Нью-Йоркте 11 қыркүйек құрбандарын еске алу қарсаңындағы түнгі көрініс. АҚШ, 10 қыркүйек 2017 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп президент қызметінде бірінші рет 2001 жылы 11 қыркүйекте болған террорлық акт құрбандарын еске алу рәсіміне қатысады. Осыдан 16 жыл бұрын болған терактілерде содырлар үш жолаушылар ұшағын айдап әкетіп, бірін Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығының ғимаратына, екіншісін Пентагонға апарып соққан. Үшінші ұшақ Пенсильванияда алаңға құлаған. Террорлық актілерден барлығы үш мыңға тарта адам қаза тапқан.

Ақ үй Дональд Трамп пен бірінші ханым Мелания Трамп Нью-Йорк уақыты бойынша сағат 9-да Вашингтонда өтетін құрбандарды бір минут үнсіз еске алуға қатысатынын хабарлады. 2001 жылы 11 қыркүйекте алғашқы ұшақ Дүниежүзілік сауда орталығының қатар тұрған биік екі ғимаратын шамамен сағат 9-да соққан болатын.

Трамп пен оның жұбайы сонымен қатар Пентагонда қорғаныс министрі Джеймс Мэттистің және АҚШ қарулы күштері штаб басшылары біріккен комитетінің төрағасы генерал Джозеф Данфордтың басшылығымен өтетін құрбандарды еске алу рәсіміне де қатыспақ.

АҚШ вице-президенті Майк Пенс Трамп үкіметі атынан Пенсильвания штатының Шэнксвилл қаласында өтетін еске алу шарасына барады.

8 қыркүйекте Трамп АҚШ-та 8-10 қыркүйекте Құлшылық пен еске алу күні, 11 қыркүйекте патриоттар күні атап өтілетінін жариялаған.

XS
SM
MD
LG