Accessibility links

"Единая Россия" Ресейдегі губернатор сайлауында алда тұр


Екатеринбург қаласындағы сайлау учаскесінде бюллетендерді санау сәті. Ресей, 10 қыркүйек 2017 жыл.
Екатеринбург қаласындағы сайлау учаскесінде бюллетендерді санау сәті. Ресей, 10 қыркүйек 2017 жыл.

Ресейде 10 қыркүйекте өткен губернаторлар сайлауында биліктегі "Единая Россия" партиясынан ұсынылған кандидаттар алда келеді. Бірақ алдын ала нәтижелерге, БАҚ-тың ақпараты мен саясаткерлердің мәлімдеулеріне қарағанда, либералды оппозицияшыл кандидаттар Мәскеудің бірнеше ауданында муниципиалдық сайлауда жақсы нәтижеге ие болып жатыр.

10 қыркүйектегі сайлау Ресейде 2018 жылы наурызда өтетін президент сайлауы алдындағы соңғы үлкен дауыс беру болып саналады. Бұл сайлау ел президенті Владимир Путин мен оның Кремль тарапынан елдің саяси аренасында бақылау күшейген жылдары шегініс жасауға мәжбүр болған қарсыластарының жаңа стратегиясының қаншалықты алғырлығын сынау болғалы тұр.

"Единая Россия" кандидаттары мен Кремльдің жақтастары губернатор сайлауында 16 аймақ бойынша алда тұр. Бірақ оппозиция жетекшілері, әсіресе Кремльді сынайтындар Мәскеудегі муниципалдық сайлауда, оның ішінде Путин дауыс берген сайлау учаскесі орналасқан ауданда жеңіске жеткенін мәлімдеді.

Ресейлік "Новая газетаның" хабарлауынша, оппозицияшыл кандидаттар Мәскеудің ондаған ауданының 14-інде көпшілік орынға ие болайын деп тұр.

XS
SM
MD
LG