Accessibility links

Саакашвили: Украина полициясы паспортымды ұрлады


Михаил Саакашвили баспасөз конференциясында сөйлеп тұр. Львов, Украина, 11 қыркүйек 2017 жыл.
Михаил Саакашвили баспасөз конференциясында сөйлеп тұр. Львов, Украина, 11 қыркүйек 2017 жыл.

Одесса облысының бұрынғы губернаторы Михаил Саакашвили Польшадан Украина шекарасын кесіп өткенде украин полициясы өзінің паспортын ұрлап алғанын мәлімдеді. Львовта өткен баспасөз конференциясында Саакашвили өзін жақтастары Украинаға алып кіргенде паспортын автобусқа қалдырып кеткенін хабарлады. "Полиция келіп, автобусты тінтіп, паспортымды ұрлап әкеткен. Қазір паспортым соларда" деді Саакашвили.

Оның баспасөз хатшысы Дарья Чиж автобусты тоқтатып, оның ішінен заттарды алып кеткенін және Саакашвилидің паспорты сол жердеболғанын айтты.

Грузияның бұрынғы президенті, жазда Украина азаматтығынан айырылған Михаил Саакашвили 10 қыркүйек күні жақтастарының қолдауымен Польшадан Украина территориясына полиция тосқауылын бұзып өткен. Әуелде ол шекарадан пойызбен өтпек болған. Бірақ оған рұқсат бермеген. Украина ішкі істер министрлігі бұдан соң шекарадан заңсыз өту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Министрлік сонымен қатар Саакашвилидің жақтастары жанжал шығарып, одан 11 полиция қызметкері зардап шеккенін айтады.

Михаил Саакашвили мен жақтастарының шекарадан өтуі (10.09.2017)

Михаил Саакашвили мен жақтастарының шекарадан өтуі
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:15 0:00

XS
SM
MD
LG