Accessibility links

ИЫҰ-ның келесі ғылым және технология саммиті Өзбекстанда өтеді


Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технология жөніндегі саммиті. Астана, 10 қыркүйек 2017 жыл.
Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технология жөніндегі саммиті. Астана, 10 қыркүйек 2017 жыл.

Ислам ынтымақтастығы ұйымының (ИЫҰ) ғылым және технологиялар жөніндегі екінші саммиті 2020 жылы Өзбекстанда өтеді. Мұндай шешім Астанада өткен ИЫҰ-ның бірінші саммитінде қабылданды.

Астанадағы ИЫҰ саммиті барысында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев ғылым мен технологияларды дамыту жөніндегі халықаралық жиынды үш жылда бір рет өткізіп тұруды ұсынып, екінші саммитті 2020 жылы Өзбекстанда ұйымдастыруды жауапкершілігіне алатынын айтты.

ИЫҰ-ның ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммиті 10 қыркүйекте Астанада ашылды. Оған мұсылман елдерінің 80-ге жуық делегациясы мен халықаралық және аймақтық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Өзбекстан басшысы жас ғалымдар үшін білімі мен тәжірибесін бөлісетін Халықаралық ислам орталығын құруды ұсынды.

"Энергияның балама көзін пайдалану барлығымыз үшін маңызды. Осыған байланысты барлығымыз инвестиция салып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ашуымыз керек" деді Өзбекстан президенті.

XS
SM
MD
LG