Ресей президенті Владимир Путин БҰҰ-ның Донбастағы бітімгерлік күштерін кіргізу туралы бастамасымен санасады. "Бұл жөнінде Путин Германия канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлесуінде айтты" деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметі.
БҰҰ бітімгерлік күштері ЕҚЫҰ бақылаушыларын екі тарап әскерлерінің түйісетін жерінде ғана емес, басқа да аймақтарда қорғаса деген ұсыныс болған.
Осыған дейін Кремль бітімгерлер тек ғана Донбастағы қарсылас тараптардың майдан шебінде ғана болуы тиіс деген ұстанымда болған.
Путин мен Меркель сонымен бірге Солтүстік Кореяның соңғы ядролық сынақ жасағаннан кейінгі Корей түбегіндегі жағдайды талқылған.