Accessibility links

Байқоңырдан "Протон-М" зымыраны ұшырылды


Байқоңырдан ұшырылған "Протон-М" зымыраны (Көрнекі сурет).
Байқоңырдан ұшырылған "Протон-М" зымыраны (Көрнекі сурет).

Байқоңыр ғарыш айлағынан ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышы америкалық Amazonas-5 телекоммуникациялық спутнигін алып ұшты деп хабарлады Ресейдің ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясы ("Роскосмос").

Зымыран Астана уақыты бойынша сағат 1-ден 23 минут өткенде ұшырылған. Зымыран айлақтан жоспардағыдай көтеріліп, ұшып кеткен.

Биыл жыл басынан бері осымен үшінші рет "Протон-М" зымыран тасығышы ұшырылып отыр.

Ұшу циклограммасы бойынша, ғарыш аппаратын Жердің геосинхронды өтпелі орбитасына үдеткіш блок шығарады. Спутник Жер орбитасына 12 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 10:35-те шығарылмақ. Бұдан соң спутникті басқару оған тапсырыс берген испаниялық Hispasat компаниясының басқаруына өтеді.

XS
SM
MD
LG