Accessibility links

"Оралман" фильмі Қазандағы фестивальде жүлде алды


"Оралман" фильмінің афишасы. Тегеран, 2017 жылдың сәуірі.
"Оралман" фильмінің афишасы. Тегеран, 2017 жылдың сәуірі.

Қазақстандық режиссер Сәбит Құрманбековтің Азаттықта жарияланған материалдарды оқығаннан кейін түсірген "Оралман" фильмі Ресейдің Қазан қаласында өткен ХІІІ халықаралық мұсылман кинофестивалінде жүлде алды.

Фестивальдің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа қарағанда, фильмде басты рөлді сомдаған актер Дулыға Ақмолда "Толық метражды фильмнің ең үздік актері" деген номинация бойынша жеңімпаз деп танылды.

Дулыға Ақмолда фильмде бас кейіпкер - Сапарқұлдың рөлін актер сомдаған. Фильмде Ержан Түсіпов, Есім Сегізбаев, Шынар Асқарова сияқты актерлер ойнаған.

"Оралман" фильмі биыл сәуір айында Иранда өткен халықаралық "Фаджр" кино фестивалінде "Азияның үздік фильмі" жүлдесін, шілде айында Астанада өткен ХІІІ халықаралық "Еуразия" кинофестивалінің Гран-при жүлдесін иеленген болатын.

Фильмде Ауғанстаннан Қазақстанға келген оралман отбасының тағдыры мен оралманның психологиясы, жергілікті халықтың оралмандарға деген көзқарасы көтерілген.

Фильм режиссері Сәбит Құрманбек былтыр Алматыда фильмді журналистерге жабық көрсеткеннен кейін оралмандар жайлы кино түсіруге Азаттық сайтындағы Ауғанстанда ата-анасы совет билігінен қашқан, тек жарты ғасырдан соң тарихи отанына оралған этникалық қазақ - "Уәли командир" туралы мақала түрткі болғанын айтқан еді.

ВИДЕО: Оралмандар жайлы фильм көрсетті (08.11.2016):

Оралмандар жайлы фильм көрсетті
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:03 0:00

XS
SM
MD
LG