Accessibility links

Ресей: Бірнеше қалада "бомба қойылғаны" туралы ақпарат түскен


Мәскеу полициясы (Көрнекі сурет).
Мәскеу полициясы (Көрнекі сурет).

Ресейдің бірқатар қаласында бірнеше нысанда бомба қойылғаны туралы хабар түсіп, мектеп, вокзал, сауда орталықтары, оқу орындары, кинотеатрлар мен басқа да нысандардан адамдар эвакуацияланды.

"Медиазона" интернет басылымының хабарлауынша, Красноярск, Оңтүстік Сахалин, Владивосток, Пермь, Челябинск, Копейск және Магадан қалаларының құқық қорғау органдарына қаладағы нысандарға бомба қойылғаны туралы хабар түскен.

Полиция кейбір анонимді телефон қоңыраулары IP-телефон қызметінен түскенін айтады. Кейбір нысандарда тергеу шаралары жүргізіліп, ешқандай бомба жасырылмағаны анықталған.

Бомба қойылғаны туралы алғашқы хабарлардың бірі Омбы қаласынан 10 қыркүйек - жергілікті органдар мен губернаторлар сайлауына дауыс беру күні түскен. Белгісіз адам полицияға қоңырау шалып, сайлау учаскесі орналасқан ғимаратқа бомба орнатылғанын айтқан. Кейін полицияға басқа да нысандардың миналанғаны туралы ақпарат түскен.

XS
SM
MD
LG