Accessibility links

Тәжікстанда экс-шенеуніктерге түрме жазасын сұрады


Фируз Холмуродзода, Тәжікстаннің қаржылық бақылау және коррупциямен күрес агенттігінің бұрынғы бөлім басшысы.
Фируз Холмуродзода, Тәжікстаннің қаржылық бақылау және коррупциямен күрес агенттігінің бұрынғы бөлім басшысы.

Тәжікстанның қаржылық бақылау және коррупциямен күрес агенттігінің пара алды деп айып тағылған бұрынғы алты қызметкері 12 қыркүйекте сотта соңғы сөздерін сөйледі. Сот жабық өтіп жатыр.

Прокурор соттан агенттіктің бөлім бастығы Фируза Холмуродзоданы 17 жылға, Фирдавса Абдугаффорзоданы 15 жылға, Амиршо Султонзоданы 12 жылға, Косим Давлатовты, Афзалово мен Сафарали Хомидзоданы 7 жылға бас бостандықтарынан айыруды сұрады.

Айыпталушылар соттан әділ шешім күтетіндерін айтты.

"Коррупциямен күресуші" он экс-шенеунікке қатысты сот отырысы 19 шілдеде басталған.

27 шілдеде екі айыпталушыға қатысты сот үкімі шыққан. Сот оларды он жарым жыл бас бостандығынан айыру жазасын кескен.

XS
SM
MD
LG