Accessibility links

Әкімдік: Ақтөбе облысында 309 адам дәстүрлі исламға оралды


Ақтөбедегі орталық мешіт алдында намаз оқып тұрған адамдар (Көрнекі сурет).
Ақтөбедегі орталық мешіт алдында намаз оқып тұрған адамдар (Көрнекі сурет).

"Соңғы сегіз ай көлемінде Ақтөбе облысының 309 тұрғыны дәстүрлі исламға бет бұрды" деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әкімдік таратқан мәліметке қарағанда, Қазақстанның әр өңірінен Ақтөбеге 33 теолог келіп, дәстүрлі емес діни ағымдардың көшбасшыларымен кездескен. Одан бөлек, құрамында екі жүзден астам мүшесі бар 14 ақпараттық-түсіндіру тобы ел аралап, дәстүрлі исламды насихаттаған.

- 11 қыркүйек күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары бойынша ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысы қорытындыланды. Жиында облыстық дін істері жөніндегі басқарма басшысы Жолдас Қалмағамбетов аймақтағы діни ахуалдың тұрақты екенін мәлімдеді, - деп жазылған облыстық әкімдіктен жолданған хабарламада.

Діни ахуалды жақсарту міндеті жүктелген арнайы топтар мен теологтар соңғы сегіз ай көлемінде облыстың 32 мыңнан астам тұрғынымен кездескен.

Биыл мамырда Ақтөбеде парламент, әкімдік пен арнайы органдарының басшылары жиналып, облыстағы діни ахуалды талқылаған. Жиында ҰҚК төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков облыстағы діни ахуалды түбегейлі жақсарып кетті деуге әлі ерте екенін, облыс бұрынғысынша теріс діни ағымды ұстанушылар саны жағынан алда тұрғанын айтқан.

ВИДЕО: Ақтөбедегі діни ахуалды талқылау (19.05.2017)

Депутаттар Ақтөбеде діни ахуалды талқылады
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:48 0:00

XS
SM
MD
LG