Accessibility links

Еуропада тегін Wi-Fi терминалдары салынады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Еуропа Одағы (ЕО) "wifi4eu" бағдарламасы аясында өз территориясында тегін Wi-Fi нүктелерін құруға 120 миллион еуро инвестиция жұмсайды.

Еуропа парламентінің сайтында хабарланғандай, бағдарлама халық аз қоныстанған аудандарды интернетпен қамту мақсатында құрылған.

Бағдарлама бойынша, тегін интернет терминалдары алты-сегіз мың елді мекенде, оның ішінде парктерде, ауруханаларда, мектептер мен қоғамдық көліктерде орнатылады. Терминалдар жұмысын муниципалитет пен мемлекеттік мекемелер қамтамасыз етеді.

ЕО сымсыз интернет терминалдары 2018 жылдан жұмыс істей бастайтынын айтады.

XS
SM
MD
LG