Accessibility links

"Араздық тудырған" қырғыз журналисі 4 жылға сотталды


Зұлпықар Сапанов, қырғыз журналисі.
Зұлпықар Сапанов, қырғыз журналисі.

Бішкектің Первомай аудандық соты журналист Зұлпықар Сапановты "ұлтаралық араздықты қоздырды" деп айыптап, төрт жылға соттады. Журналист сот залында қамауға алынды. Бұл жөнінде оның әйелі Гүлбаршын Ибраева хабарлады.

Сот отырысы 5 шілдеде басталған. Мемлекеттік айыптаушы Сапановты алты жыл бас бостандығынан айыруды сұраған. Гүлбаршын Ибраева сот шешіміне келіспейтінін, Бішкек қалалық сотына шағымданатынын айтты.

2016 жылы Сапанов "Қыдыр санжырасы" деген кітап шығарған. Осыдан кейін әртүрлі діни бірлестіктер елдің Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетіне арызданып, Сапановқа қатысты шара қолдануын талап еткен.

“Акыл эс, Ыйман” қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Дүйшен Абдылдаев, теолог Қадыр Маликов, экс-депутат Тұрсынбай Бәкірұлы 2016 жылдың ақпан айында баспасөз мәслихатын өткізген кезде, журналистің шығарған кітабы ұлтараздықты қоздырады деп мәлімдеген. Олар "мұның артында қандай күштің тұрғанын анықтау керек" дескен.

Автордың өзі кітап мазмұнында алауыздық туғызатын ешқандай элементтер жоқ екенін айтады. Оның сөзінше, кітапқа қатысты тәуелсіз сарапшылар әлі баға берген жоқ.

XS
SM
MD
LG