Accessibility links

Байқоңырдан ХҒС-ға "Союз МС-06" зымыраны ұшты


Халықаралық ғарыш станциясына ұшқан астронавтар (солдан оңға қарай): Джозеф Акаба, Марк Ванде Хей, Александр Мисуркин, Марк Ванде Хей Байқоңыр ғарыш айлағында. 12 қыркүйек 2017 жл.
Халықаралық ғарыш станциясына ұшқан астронавтар (солдан оңға қарай): Джозеф Акаба, Марк Ванде Хей, Александр Мисуркин, Марк Ванде Хей Байқоңыр ғарыш айлағында. 12 қыркүйек 2017 жл.

Қыркүйектің 13-і күні Байқоңыр ғарыш айлағынан ресейлік "Союз МС-06" зымыраны америкалық екі астронавт пен Ресей ғарышкерін Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) алып ұшты.

Ресей ғарышкері Александр Мисукин мен NASA астронавтары Марк Ванде Хей және Джозеф Акаба отырғна зымыран ғарышқа Астана уақыты бойынша сағат 3:17-де ұшырылды. "Роскосмос" мекемесінің хабарлауынша, ғарыш кемесі ұшырылғаннан тоғыз минут өткенде орбитаға енді.

Ғарышкерлер станцияда бес жарым ай уақыт болады. Америкалық астронавтар 2010 жылдың маусымынан бері Халықаралық ғарыш станциясына Байқоңырдан бірінші рет бірге аттанып отыр.

NASA станцияға дербес ғарышкер ұшыруды 2011 жылы тоқтатқан болатын. Бірақ Ресей өткен жылы қаржы үнемдеу үшін станциядағы қызметін қызметін шектейтінін жариялаған соң АҚШ станциядағы экипажын ұлғайтуға кіріскен.

Марк Ванде Хей ғарышқа бірінші рет ұшып отыр. 50 жастағы ардагер астронавт Джозеф Акаба бұған дейін екі рет ұшып, ғарышта 138 күн болған.

XS
SM
MD
LG