Accessibility links

"Ирма" дауылы құрбандарының саны 45-ке жетті


Дауылдан су басқан Гавана көшелерінде жүрген адамдар. Куба, 10 қыркүйек 2017 жыл.
Дауылдан су басқан Гавана көшелерінде жүрген адамдар. Куба, 10 қыркүйек 2017 жыл.

Кариб теңізінен басталып, АҚШ-қа ойысқан "Ирма" дауылынан қаза тапқандардың саны 45 адамға жетті. Құрбандардың оны - АҚШ азаматтары.

Өткен аптада Кариб теңізінен басталған дауыл осы аймақтағы шағын мемлекеттедің инфрақұрылымын қиратып, Флоридаға жетіп, одан ары Джорджия және Оңтүстік Каролина штаттарына ойыса бастады.

12 қыркүйекте "Ирма" дауылының екпіні қайта бастағанымен, әлі де тұрғындар мен инфрақұрылымға кәдімгідей зардап келтірерліктей қуаты бар.

Ресми мәлімет бойынша, дауылдан Флорида штатында жеті, Джорджия штатында екі, Оңтүстік Каролина штатында бір адам қаза тапқан. АҚШ-тың федералдық төтенше жағдайларды басқару агенттігі Флорида штатында үйлердің төрттен бірі "Ирма" дауылынан қирағанын, үйлердің 60 пайызы зардап шеккенін хабарлады.

Флорида штатында 13 миллионға жуық адам (штат халқының үштен екісін құрайды) электр қуатынсыз қалған.

Куба билігі өткен демалыста дауылдан 10 адам қаза тауып, құрбандар саны 35-ке жеткенін хабарлады.

XS
SM
MD
LG