Accessibility links

Иракта Ресейден шыққан "содырды" дарға асты


Мосул қаласына жақын елді мекенде жүрген Ирак армиясының әскери көліктері. 23 тамыз 2017 жыл (Көрнекі сурет)
Мосул қаласына жақын елді мекенде жүрген Ирак армиясының әскери көліктері. 23 тамыз 2017 жыл (Көрнекі сурет)

Ирак соты Ресейден шыққан, "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының содыры деген күдікке ілінген адамға өлім жазасын кесіп, дарға асты. Ирак билігінің хабарлауынша, ресейлік 12 қыркүйекте Мосул қаласындағы операцияда ұсталған.

Аты-жөні жарияланбаған ер адам 2015 жылдан бері Ирак үкіметінің күштеріне қарсы ұрыстарға қатысқан және Бағдад өлім жазасына кескен алғашқы Ресейден шыққан содыр саналады.

France Press агенттігінің хабарлауынша, 28 жастағы ресейлік тергеуде Мәскеуде жүріп Өзбекстаннан келген жұмысшылармен әңгімелерден кейін исламды қабылдағанын мәлімдеген.

Агенттік ақпаратына қарағанда, ресейлік содыр Иракқа барған соң есімін Әбу Ясмин әл-Руси деп өзгертіп, Мосулда ұсталғанға дейін ұрыста жараланғанын айтқан.

Ирак үкімет күштерінің Мосул мен Ирактың басқа да территориясын азат ету операциясы барысында ИМ-нің жүздеген содыры тұтқынға түскен.

Reuters агенттігі бұған дейін Ирак билігі содырлардың 1400-ге тарта әйел, бала-шағасын ұстап отырғанын, олардың кейбірі Ресей, Тәжікстан және Әзербайжаннан шыққанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG