Accessibility links

Сергей Удальцов Мәскеуде пикет өткізіп ұсталды


Сергей Удальцов, "Солшыл майдан" қозғалысының жетекшісі, оппозициялық белсенді.
Сергей Удальцов, "Солшыл майдан" қозғалысының жетекшісі, оппозициялық белсенді.

Мәскеуде Мемлекеттік дума алдында "Солшыл майдан" қозғалысының жетекшісі Сергей Удальцов тұтқындалып, полиция бөліміне жеткізілді. Удальцовтің әйелі Анастасия Удальцованың Twitter-де хабарлауынша, ол түрмеден шыққаннан кейінгі алғашқы жалғыз кісілік пикетін өткізді.

Әйелінің жазуына қарағанда, Мемлекеттік дума алдында күйеуімен бірге тағы бір адам - тек плакат ұстап тұрған Алексей Воронцев те тұтқындалған. Удальцов оның жанында болған.

Белсенділер Мемлекеттік дума алдында Қазан революциясының 100 жылдығына орай кең ауқымда рақымшылық жариялауды талап етіп, бірнеше рет жалғыз кісілік пикет өткізді. Пикет кезінде Удальцовқа депутат Сергей Шаргунов жолықты. Ол рақымшылық жариялау туралы ұсынысты парламент тыңдауына шығаруға уәде берді.

Сергей Удальцов тамыздың басында бостандыққа шыққан. Ол "Болотный ісі" бойынша төрт жарым жыл түрмеде отырды. Түрмеден босаған соң ол "Солшыл майданды" қайта күшейткісі келетінін мәлімдеп, Ресей саяси сахнасында билікке қарсы тұра алатын, бірақ "батысшыл либералды оппозициядан" бойын аулақ ұстайтын "үшінші күш" құруға шақырған.

XS
SM
MD
LG