Accessibility links

Экс-судьяның ісі: Басты куәгер сотқа келмеді


"Заңсыз сот шешімін шығарды" деп айыпталған бұрынғы судья Өмірзақ Серімовтің соты. Алматы, 13 қыркүйек 2017 жыл.

Алматы қаласы Медеу аудандық қылмыстық істер сотында сәрсенбіде осыдан бірнеше жыл бұрын пәтер дауынан басталып, соңы кісі өліміне ұласқан іс бойынша сотқа тартылған бұрынғы судьяның ісін қарау жалғасты.

Алатау ауданының бұрынғы судьясы Өмірзақ Серімов 2010 жылы шығарған үкіміне байланысты сотқа тартылып жатыр. Серімов 2010 жылы алматылық әйелді оның азаматтық некеде бірге тұрған, қайтыс болған күйеуінің үйін меншік иесі деп тану туралы шешім шығарған. Бұдан соң ол әйел үйді бірден алматылық тұрғын Светлана Тұрғанбаеваға сатып жіберген. Бірақ үй сатылған күннің ертеңінде Серімов әлгі әйелді сатылып кеткен үйдің меншік иесі құқығынан айыру туралы қаулы шығарып, мұрагерлік құқығын марқұм болған үй иесінің ағасына бекіткен.

2012 жылы сот орындаушылары Светлана Тұрғанбаеваның отбасын үйінен күштеп шығаруға барғанда Тұрғанбаева олардың көз алдында өзін-өзі өртеп өлтірген.

Әйелдің қазасынан кейін нотариус Рыскүл Қыңырбаева "қайтыс болған меншік иелерінің жылжымайтын мүлкін сату-сатып алу мәмілелерін ресімдеу кезінде алаяқтық жасады" деген айыппен 8 жылға сотталған. Ал судья Өмірзақ Серімов "кәсіби жарамсыз" деп танылып, "қызметіне лайық емес" деген уәжбен отставкаға жіберілген.

Кейін Өмірзақ Серімовтің үстінен "ауыр салдарға әкеліп соқтырған көпе-көрінеу заңсыз сот шешімін шығарды" және "қызмет бабын теріс мақсатта пайдаланды" деген айыптармен қылмыстық іс қозғалған.

Оқыңыз: «Кәсіби жарамсыз» судьяның шешімі күшінде қалды

Бүгінгі сотта үйді сатып кеткен әйел істегі басты куәгер ретінде шақырылып, жауап беруі тиіс болған. Бірақ ол сотқа келмеді. Дегенмен, сотта өзге бір куәгерден жауап алынды.

Сотқа жәбірленуші тарап ретінде қатысып жатқан Светлана Тұрғанбаеваның қызы Айнұр Омарбаева анасы "судьяның әділетсіз шешімінен көз жұмды" деп санайды.

Сотта айыпталушы тарап - Өмірзақ Серімовтің адвокаты өзін-өртеген Светлана Тұрғанбаеваның "денсаулығында психикалық кінәрат болған, я болмағанын анықтау үшін" сараптама жасату туралы талаарыз білдірді. Адвокаттың сөзінше, Серімов Тұрғанбаева өзі шығарғаннан екі жылдан кейін өртеніп өлгенін айтып, марқұмның өліміне оның "психологиялық тұрғыдағы кінәраты" себеп болды деп біледі. Бірақ судья адвокаттың сараптама жасату туралы талап-арызын орындаудан бас тартты.

Келесі сот отырысы 20 қыркүйек сағат 16-ға қалдырылды.

ВИДЕО: Бұрынғы судья Өмірзақ Серімовтің соты (08.09.2017)

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG