Accessibility links

Ашғабадқа барғандардың қалта телефонына дейін тексеріп жатыр


Ашғабадтың орталығында жүрген қалалықтар (Көрнекі сурет).
Ашғабадтың орталығында жүрген қалалықтар (Көрнекі сурет).

Ашғабадқа ұшып барған азаматтардың қалта телефондарына дейін тексеріп жатыр деп хабарлайды Азаттықтың Түркімен редакциясына 27 жастағы Миве есімді (аты-жөні өзгертілген - ред) түркімен азаматы.

“Ашғабадқа келе салысымен әуежай қызметкерлері қолымдағы телефонымды тартып алып, жеке ақпараттарды оқи бастады" дейді Миве.

Ол Лондоннан келгенде, телефонындағы шетелдік азаматпен бірге түскен суреттерін көріп, әуежай қызметкерлерінің тергеуге алғанын айтады.

“Менің жігітімнің кім екенін сұрай бастады. Сосын Түркіменстанда жігіттер құрып қалды ма, шетелдік неге керек деп айқайлады" дейді Миве.

Оның сөзінше, өзімен бірге келген екі құрбысының да телефондарын алып, тексерген.

Ашғабадта 17-27 қыркүйек аралығында V Азия ойындары өтеді. Жарыс қарсаңында қалада қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

XS
SM
MD
LG