Өзбекстан үкіметі Мьянмадағы босқын рохинджаларға гуманитарлық көмек жіберу туралы шешім қабылдады.
Өзбекстан сыртқы істер министрлігі халықтың Мьянмадағы жағдайды "өте ауыр қабылдағанын", әсіресе "азшылық мұсылмандарды азаптау фактілері үрей туғызғанын хабарлады.
"БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі декларациясы мен жарлығындағы ұстанымдарды негізге алып, Өзбекстан адамзатқа қарсы кез-келген зорлқ-зомбылықты айыптайды" делінген Өзбекстан сыртқы істер министрлігі таратқан мәлімдемеде.
Өзбекстан Мьянма билігін кінәсіз мұсылмандарға қарсы зорлық-зомбылықты шұғыл түрде тоқтатып, мәселені бейбіт түрде шешуге шақырады.