Accessibility links

Саакашвили 19 қыркүйекте Киевке бармақ


Михаил Саакашвили, Одесса облысының бұрынғы губернаторы және Грузияның бұрынғы президенті. Львов, 12 қыркүйек 2017 жыл.
Михаил Саакашвили, Одесса облысының бұрынғы губернаторы және Грузияның бұрынғы президенті. Львов, 12 қыркүйек 2017 жыл.

Одесса облысының бұрынғы губернаторы Михаил Саакашвили 19 қыркүйекте Киевке бармақ. 13 қыркүйекте Украинаның оңтүстік-батысындағы Черновцы қаласында жақтастарының алдында сөйлеген Саакашвили Киевке барғанға дейін елдің басқа да қалаларына бармақ ниетте екенін мәлімдеді.

Саакашвили Украинаға "саяси дағдарыстың алдын алуына" көмектескісі келетінін айтты. Саясаткер 10 қыркүйекте жүздеген жақтасының қолдауымен украин полициясы мен шекарашыларының тосқауылына қарамастан Польша шекарасынан Украинаға өткен.

12 қыркүйекте Украина билігі Саакашвилиді Львов облыстық сотына шақырған. 18 қыркүйекте мұнда оның Украина территориясына заңсыз кіруіне қатысты іс бойынша сот тыңдауы болады.

Шілденің соңында Украина президенті Петр Порошенко Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилиді "Грузияда қылмыстық қудалауда жүргенін уақтында айтпағаны үшін" Украина азаматтығынан айырған.

Грузияда Саакашвилиге бірқатар қылмыс жасады деп айып тағылған. Тбилиси Киевтен Саакашвилиді тұтқындап, қайтаруды талап етеді.

Михаил Саакашвилидің шекарадан өтуі (10.09.2017)

Михаил Саакашвили мен жақтастарының шекарадан өтуі
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:15 0:00

XS
SM
MD
LG