Accessibility links

Қазақстан кинотеатрларын "Матильданы" көрсетпеуге шақырды


Ресейлік режиссер Алексей Учительдің "Матильда" фильмінің афишасы.
Ресейлік режиссер Алексей Учительдің "Матильда" фильмінің афишасы.

Қазақстанда "Арман" киножелісінің директоры Бауыржан Шүкенов ресейлік режиссер Алексей Учительдің "Матильда" фильмін көрсетуден бас тартуға шақырған үндеу алғанын хабарлады.

Бауыржан Шүкенов Facebook әлеуметтік желісінде "белгісіз Ресей азаматы, православ дінін ұстанатын" адамнан ірі кинотеатрлар директорларына және кино прокатымен айналысатын менеджерлерге қарата жасаған үндеуін алғанын жариялады.

"Матильданы" көрсетуден бас тартыңдар. Бұл былғаныштан алшақ болыңдар. Өздеріңнің жан-дүниелеріңді өлтіру арқылы пайда таппаңдар" делінген үндеуде.

Үндеу иелері дін қызметкері Всеволод Чаплиннің "егер "Матильда" көрсетілетін болса, Ресей өледі" деген сөзін мысалға келтірген.

Ресейде киноны көрсетуге қарсы дума депутаты Наталья Поклонская Ресейдің соңғы патшасы Николай II мен балет бишісі Матильда Кшесинскаяның арасындағы махаббат хикаясы туралы фильм "діндар адамдардың сезімін қорлайды" деген.

Кино көпшілікке 26 қазаннан бастап көрсетіле бастайды.

XS
SM
MD
LG