Accessibility links

Германия ауған босқындарын қайта депортациялай бастады


Германия депортациялаған ауған азаматтары Кабул әуежайына келіп жатыр. Ауғанстан, 13 қыркүйек 2017 жыл.
Германия депортациялаған ауған азаматтары Кабул әуежайына келіп жатыр. Ауғанстан, 13 қыркүйек 2017 жыл.

Германия азаматтық беруден бас тартқан сегіз ауғандықты депортациялады. 13 қыркүйекте пана сұраған ауғандықтар еліне қайтарылды.

Бавария ішкі істер министрі Иоахим Херманн депортацияланған ауғандықтардың қылмыс жасағанын және сегізінің кем дегенде екеуі зорлау айыбы бойынша соталғанын айтты.

Ауғанстанның босқындар ісі жөніндегі министрлігінің өкілі Мохаммад Асиф Аббаси депортацияланғандардың арасныда кем дегенде үш қылмыскер барын хабарлады.

Германия маусымнан бері ауғандықтарды бірінші рет депортациялап отыр. Кабулда 31 мамырда Германия елшілігінің жанында жарылыс болып, елшілік ғимараты жартылай қираған соң Берлин ауған босқындарын депортациялауды тоқтатқан. Ол шабуылдан жүзден астам ауған азаматы қаза тауып, босқындарды қолдайтын ұйымдар қауіпсіздік мақсатында оларды депортациялауды тоқтатуды талап еткен.

Германия билігі қазір терроризм күдігіне ілінгендерді, қылмыс жасады деп айыпталғандарды және жеке басын тексертуден бас тартқан ауған азаматтарын депортациялап жатыр.

XS
SM
MD
LG