Accessibility links

Тәжікстанда президент тікұшағында жараланған әуежай басшысы қаза тапты


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Шамсиддин Шохин ауданында. 13 қыркүйек 2017 жыл.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Шамсиддин Шохин ауданында. 13 қыркүйек 2017 жыл.

Тәжікстанда әуежай басшысы президент Эмомали Рахмон тікұшағында алған жарақатынан қайтыс болды. Қайғылы оқиға Эмомали Рахмонның Таулы Бадахшан автономиялық облысына сапары кезінде болды. Хорог әуежайының басшысы Дилдор Максудшоев президент тікұшағы қалағының қатты екпінінен құлап, тасқа басы соғылып, жарылған.

Максудшоев ауруханаға барар жолда көз жұмған.

Хорог әуежайының басшысы тәжік президентімен Дарваз ауданына еріп барған шенеуніктердің арасында болған.

Марқұмды жерлеу рәсімі 14 қыркүйекте өтеді.

Эмомали Рахмон оқиға болған кезде жұмыс сапарымен Дарваз ауданындағы Шамсиддин Шохин ауылында болған.

Қайғылы оқиға болған ауданды биыл су басқан. Президент табиғи апаттан зардап шеккендермен кездескен.

XS
SM
MD
LG