Accessibility links

Тоқаев, Бекназаров пен Қалетаев қайтадан сенат депутаты болды


Қасым-Жомарт Тоқаев, сенат депутаты.
Қасым-Жомарт Тоқаев, сенат депутаты.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаев, Бектас Бекназаров және Дархан Қалетаевті сенат депутаттары етіп қайта тағайындады. Орталық сайлау комиссиясы бүгін олардың сенат депутаты болып тіркелгенін хабарлады. "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" заңға сай, депутаттар тіркелген соң қызметіне кіріседі.

ОСК-нің депутаттарды тіркеу туралы отырысы бүгін өтті. 13 қыркүйекте президент сенат депутаты Ләззат Қиыновтың өкілеттігін тоқтатқан.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2013 жылдан бері сенат спикері қызметін атқарған. Мұның алдында ол Қазақстан сыртқы істер министрі, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің төрағасы болған.

Бектас Бекназаров 2014 жылы сенат депутаты болғанға дейін президент жанындағы Жоғарғы сот кеңесін басқарған, Жоғарғы сот төрағасы болған.

Дархан Қалетаев 2016 жылы сенат депутаты болып тағайындалған. Мұның алдында ол "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басқарушы директоры, президенттің "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары болған, президент әкімшілігінде лауазымды қызмет атқарған.

Сенаттың 47 депутатының 32-сі сайланады, 15-ін президент тағайындайды.

XS
SM
MD
LG