Accessibility links

Ресей мен Беларусь бірлескен әскери жаттығу бастайды


Ресей мен Беларусьтің "Батыс-2017" біріккен әскери жаттығуы туралы брифингте түсірілген сурет. 13 қыркүйек 2017 жыл.
Ресей мен Беларусьтің "Батыс-2017" біріккен әскери жаттығуы туралы брифингте түсірілген сурет. 13 қыркүйек 2017 жыл.

Ресей мен Беларусь 14 қыркүйекте НАТО-ның Шығыс Еуропадағы шекарасына жақын біріккен әскери жаттығу бастайды. Жаттығу басталғанға дейін-ақ оған қатысты Мәскеу мен Батыс елдерінің қарым-қатынасында шиенеліс пайда болған.

Мәскеу мен Минскінің мәліметінше, Беларусь пен Ресейдің батыс аймақтарында өтетін "Батыс-2017" жаттығуына 12700 әскери қызметкер қатысады. Бірақ Батыс елдерінің ресми өкілдері жаттығуға қатысатындар саны 100 мың адамға жетуі мүмкін деп мәлімдеді. Батыс елдері Ресейдің Украинадағы басқыншылық саясатына байланысты Батыс елдері мен Мәскеудің текетіресі бәсеңсімей тұрған тұста Ресейдің өз әлеуетін көрсетіп қалу әрекеті деп біледі. "Бұл бізді арандатып, қорғанысымызды тексеру үшін өткізілмек. Сондықтан біз күшті болуымыз керек" деген Ұлыбритания қорғаныс министрі Майкл Фэллон 10 қыркүйекте.

Ресей Батыс елдерінің "жаттығуға бола алаңдауына негіз жоғын" айтады. Мәскеу 2014 Украинадан Қырым түбегін аннексиялап алғаннан бері НАТО елдерінің шекарасына жақын бірінші рет әскери жаттығу өткізіп отыр.

ЕҚЫҰ-ға мүше елдер мақұлдаған Вена құжатына сай, 13 мыңнан астам адам қатысатын әскери жаттығу өткізетін мемлекет ол туралы өзге мемлекеттерді хабардар етіп, сырттан бақылаушылар қатыстыруы тиіс. Мәскеу әскери жаттығуға қатысатын әскер саны 13 мыңнан аз деуден танбай отыр.

"Батыс" әскери жаттығуы төрт жылда бір рет өткізіледі.

XS
SM
MD
LG