Accessibility links

Назарбаев 16 қыркүйекте Өзбекстанға барады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевпен кездесуі. Астана, 23 наурыз 2017 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевпен кездесуі. Астана, 23 наурыз 2017 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 16 қыркүйекте мемлекеттік сапармен Өзбекстанға барады.

Өзбекстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаев Ташкентте Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевпен кездесіп, саяси, сауда-экономика, инвестиция және көлік, коммуникация салаларындағы екі жақты ынтымақтастықтың ары қарайғы даму келешегін талқылайды.

Кездесу қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме жасалып, бірқатар құжатқа қол қойылмақ.

Қазақстандық ақпарат агенттігінің президент әкімшілігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Назарбаев 17 қыркүйекте Түркіменстанға сапарлап барады.

XS
SM
MD
LG