Accessibility links

Астана: Сирия келіссөзіне қатысатын барлық тарап келді


Астанада өткен Сирия бейбіт келіссөзі. 4 амаыр 2017 жыл

Сирия бейбіт келіссөзіне қатысатын барлық тарап, оның ішінде Сирия қарулы оппозициясының өкілдері Астанаға келді деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасаған жергілікті агенттіктер. Кеше Астанада келіссөздегі гарант елдер - Ресей, Иран және Түркияның сарапшылары консультация өткізген. Сириядағы қақтығысты бейбіт реттеу бойынша осымен алтыншы рет өтетін жоғары деңгейлі кездесу екі күнге созылады.

"Кеше Астанаға келіссөзге қатысушы барлық тарап келді. Сирия қарулы оппозициясының түрлі топтарының атынан 24 адамнан тұратын өкілдері де келді" деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.

Ресей делегациясын Ресей президентінің Сирия дағдарысын реттеу бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьев, Түркия мен Иран делегацияларын сол елдердің сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары Седат Онал және Джабер Ансари бастап келді.

Астанаға сонымен қатар БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистура, АҚШ мемлекеттік хатшысының Таяу Шығыс аймағы бойынша көмекшісінің міндетін атқарушы Дэвид Саттерфилд, Иордания сыртқы істер министрінің саяси мәселелер бойынша кеңесшісі Науаф Уасфи Тель де келді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG