Accessibility links

АҚШ Донбасқа БҰҰ бітімгерлерін кіргізуді қолдады


Хизер Нойерт, АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі.
Хизер Нойерт, АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі.

АҚШ Украинаның Донбаста БҰҰ бітімгерлерін орналастыруға қатысты ұстанымына қолдау білдірді. Украиналық "Укринформ" агенттігінің сұрақтарына жауап берген АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Хизер Нойерт БҰҰ бітімгерлік күштері Украина шығысындағы Ресеймен шекараға дейін сепаратистер бақылайтын барлық аймаққа орналастырылуы тиіс екенін мәлімдеді.

Нойерттің пікірінше, БҰҰ бітімгерлерін орналастыру Украинаның территориялық тұтастығы мен егемендігін қалпына келтіруге септесуі тиіс. Бітімгерлерге олардың Украина ішіндегі бөліністің күшейіп, тереңдеп кетпеуі үшін қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз етуіне жеткілікті мандат берілуі тиіс.

Ол АҚШ сонымен қатар Минск келісімінің толық орындалуын қолдайтынын тағы да қайталады. Оның сөзінше, бұл жерде ең алдымен Донбастағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету талабы орындалуы тиіс. Нойерт бұған қоса Ресейді "шынайы және тұрақты бітім режимін орнатуға" шақырды.

Ресей бұған дейін Украина шығысындағы қақтығысушы тараптардың майдан шебі түйісетін аймақтан әскери мен ауыр қару-жарақтар шығарылған соң жарты жыл уақытқа БҰҰ бітімгерлік күштерін кіргізуді және оларға ЕҚҰ бақылаушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін ғана жүктеуді ғана тапсыруды ұсынған.

Украина өзін-өзі жариялап алған Донецк және Луганск "халық республикалары" бақылайтын территориялардан, оның ішінде украин-ресей шекарасынан ресейлік "қару-жарақ пен жалдамалы әскер" шығарылғаннан кейін ғана ол жақтарға бітімгерлік күштерін орналастыруды ұсынған.

XS
SM
MD
LG