Accessibility links

Қанат Сұлтанбековті үйқамақта ұстау мерзімі ұзарды


Астананың Есіл аудандық №2 соты (Көрнекі сурет).
Астананың Есіл аудандық №2 соты (Көрнекі сурет).

"Қазақстан инжиниринг" компаниясының бұрынғы басқарма төрағасының орынбасары, коррупция күдігіне іліккен Қанат Сұлтанбековті үйқамақта ұстау мерзімі 16 қазанға дейін ұзартылды деп хабарлады Астана қалалық соты. Қамау мерзімін ұзарту туралы шешімді Есіл аудандық №2 cоты шығарған.

"Аса ірі көлемде пара алды" деп айыпталған Сұлтанбеков биыл ақпанда қамауға алынып, сот 26 мамырда оны үйқамаққа шығарған.

Сұлтанбеков компания басқарма төрағасының орынбасары қызметін 2015 жылдың ақпанынан бері атқарған. Компанияның бірден-бір акционері "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қоры саналады. Компания 2016 жылдың желтоқсанынан бері қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басқаруында.

XS
SM
MD
LG