Accessibility links

Назарбаев: ЭКСПО-ға жұмсалған қаржы қайтты


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындық жиынында отыр.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындық жиынында отыр.

Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізуге жұмсалған қаржы қайтты деп мәлімдеді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Президенттің Ақордада БАҚ өкілдерімен өткізіп жатқан баспасөз конференциясында айтуынша, жұмсалған қаржы көрмеге келген адамдар мен туристердің есебінен қайтарылған. Бірақ Назарбаев көрмені өткізуге қанша қаржы жұмсалғанын айтпады.

"Көрмеге келген адамдар мен туристер Астананың барлық қонақүйін, мейрамханалары мен концерт залдарын толтырды. Бизнеске түрткі болды, Астана бюджетіне түскен кіріс артты, бизнесмендер ақша тапты" деді Назарбаев. Оның сөзінше, көрме құрылысына 1400 компания қатысқан.

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өткен. Ресми есеп бойынша, "Болашақтың энергиясы" тақырыбымен өткен көрмеге 115 мемлекет қатысқан, көрмеге келгендер саны 4 миллионға жуықтаған.

Әрқилы мәлімет бойынша, көрмені өткізуге үштен төрт милилард долларға дейін қаржы жұмсалған.

ВИДЕО: EXPO-2017 қалай өтті? (11.09.2017)

EXPO-2017 қалай өтті?
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:01:16 0:00

XS
SM
MD
LG