Accessibility links

Назарбаев: Қазақ тіліндегі бірнеше дыбысты таңбалау керек


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев республикада қазақ тілінің латын графикасындағы әліпбиіне көшу біртіндеп жүзеге асырылуы тиіс екенін мәлімдеді. Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, Ақордада журналистермен кездескен президент таза қазақ тіліндегі сегіз дыбысты латын графикасында қалай таңбалау керегін ойластыру қажетін айтты.

Астанада 11 қыркүйекте парламентте қазақ тіліне арналған жаңа латын әліпбиінің нұсқасы таныстырылған. Жаңа әліпби жобасында 25 таңба бар. Әліпби нұсқасын таныстырған республикалық тілдерді дамыту орталығының директоры Ербол Тілешовтің айтуынша, әліпбиді құрастыруда қазақ тілінің үндестік заңдылығы ескеріліп, оның нәтижесінде 25 таңба шыққан.

Латын әліпбиінің жобасын парламентте таныстыру (11.09.2017)

Кейбір дыбысты екі әріппен жазған нұсқа
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:13 0:00

Бірақ әлеуметтік желі қолданушыларының көпшілігі жаңа әліпби жобасын сынап, осы салаға қатысты кейбір ғалымдар оны "ұсынылған жобалар ішіндегі ең тиімсіз, сорақысы" деп атаған.

"Латынға өту барлығын алаңдатып отыр. Ол туралы көп айтылды, ғалымдар ұзақ жұмыс істеді, бүкіл тарихты, басқа елдердің тәжірибесін қарады. Мен ілмек болмасын деп айттым. Таза қазақша дыбысты білдіретін сегіз әріп бар. Міне, осыларды ойластыру керек, мәселе осы жерде" деді Назарбаев.

Президент тіл мамандары, тарихшылар келісімге келіп, мақұлдаған кезде жаңа әліпбиді қабылдайтынын жариялайтынын, өз болжамы бойынша 2022 жылға қарай бірінші сыныптан бастап оқу латын әліпбиінде жүргізіле бастамақ екенін айтты. Назарбаев бұл тұста кириллица да қатар қолданыста болатынын, орыс тілінде сөйлейтін азамтатар алаңдамауы керегін жеткізді.

Жаңа әліпби жобасына қатысты ғалым пікірі (12.09.2017)

"Бұл әліпбидің ең тиімсіз, сорақы нұсқасы еді"
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:25 0:00

XS
SM
MD
LG